Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын 2021 жылғы қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстарының мамандықтар тізімі мен бөлінген орындар саны белгілі болды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын кәсіптік оқу курстарында келесі мамандықтар қолжетімді:
Аспаз (Жалпы профиль) 30
Наубайшы (Жалпы профиль) 15
Тігінші (Тігін операторы) 30
Портной 40
Шаштараз 25
Кондитер 15
Кассир-бақылаушы 10
Тәрбиеші көмекшісі 2
Тәрбиеші 8
SMM менеджер 5
Дәнекерлеуші (слесарь) 5
Слесарь-сантехник 5
Кран машинисті 5
Электрик -техник 5
Барлығы: 200
2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушылар-халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар.
Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін 5 556 теңге (2 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек төленеді.Оқу мерзімі оқытылатын мамандыққа байланысты 2-3 ай.
Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша: +7 775 753 43 91/ 8 (7172) -954424, 954416 нөмірлеріне хабарласыңыздар.