Білім беру мекемелерінің назарына! Кәсіптік оқыту курстарының тізімі белгілі болды.

26.01.2021

📣📣📣ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Нұр-сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы оқу орындарының тізімінде тұрған білім беру ұйымдарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін өтінімдер (белгіленген үлгідегі) қабылдауды жүзеге асырады.Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 21 қаңтардан 03 ақпанға дейін жүргізіледі.

⠀КӘСІПТІК ОҚУЛАР ТІЗІМІ:
1. Графикалық жұмыстар дизайнері (анимация және бейнографика, веб-дизайнер)
2. Краншы машинист
3. Автомеханик
4. Жиһаз дизайнері
5. Жиһаз жинаушы (ағаш)
6. Техник-электрик
7. Тігінші (тігінші оператор)
8. Шаштаразшы
9. Инженер-программист (киберқауіпсіздік саласының маманы)
10. Ағаш ұстасы
11. Сырлаушы-сылақшы
12. Кондитер
13. Әкімгер
14. Сауда агенті (риэлтор)
15. Наубайшы (жалпы бейін)
16. Өнім менеджері
17. Тәрбиешінің көмекшісі
18. Сауда залының кассирі
19. Дәнекерлеуші
20. Сатушы-кассир (консультант сатушы)
21. Тәрбиеші
22. Аспазшы (жалпы бейін)
23. Слесарь-сантехник
24. Автоэлектрик
25. Визажист
26. Маникюр шебері
27. Smm менеджері
28. Тігінші

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік көшесі -25, «Өркен» БО мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласуға болады, байланыс телефондары: 95-44-16, 95-44-24, 8 775 753 4391.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26.01.2021

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеуде жүрген жастарды “Жастар практикасы” бағдарламасына қатысуды ұсынады.

▶️«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу үшін @czn_astana-да «жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет ⠀

⠀👨‍🎓👩‍🎓Жастар тәжірибесі – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.

💥Жасы 29 – дан аспауы керек

📆Жастар тәжірибесінің ұзақтығы: 6 айдан аспайды

💵Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.

☎️ 72-93-56; 57-88-88; 57-89-35; 8 777 116 82 76; 8 7 776 496 621;+7 705 329 7719;

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін құжаттарды қабылдау басталды

26.01.2021

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды тағайындау бойынша құжаттарды қабылдауды бастады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке (2021 жылға арналған сома 583 400 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грант алу үшін үміткер тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, келесі құжаттарды ұсынады:

1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
4) Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын өз қызметін салық органдарында тіркеу немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.
Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша:
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарласыңыз, мекен-жайы Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО, тел.: 95-44-16, 95-44-24, +7 775 753 43 91.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл тақырыбында онлайн – лекция оқылды.

26.01.2021

Лектор-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас маманы Райымбаев Данияр Исраиұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің дәйектілікпен жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстарының тұрақты жүргізіліп жатқанын айтты. Жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін ерекше атап өтті.

Онлай-лекцияға Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты.

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ  БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ  

14.01.2021

Жұмыссыздықпен күресу – ел экономикасының өркендеуіне септігі мол қозғаушы күш. Бұл қашанда ең өзекті тақырып. Осы бағытта  Үкімет басындағылар жұмыссыздықпен  күресудің бар амалын жасап жатыр.  Республика көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»   жүйелі жүргізіліп келеді.  Қазір көпшілік  бұл жобаның   шарапатын  көруде.  Бірі  жұмысқа тұрса, енді бірі жаңа кәсіп үйреніп, жеке бизнесін ашып жатыр. Continue reading “«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ  БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ  “

 Жол картасы бойынша жүзеге асқан жобалар

07.12.2020

Нұр – Сұлтан қаласы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Биыл астанада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру жоспарланған еді.Қазіргі таңда 67 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Continue reading ” Жол картасы бойынша жүзеге асқан жобалар”

Елорда тұрғындары “Жұмыспен қамтудың жол картасы” арқылы тұрақты жұмысқа тұруда

06.11.2020

Биыл ЖҚЖК бойынша елордада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Мысалы, елорда тұрғыны Дәурен Шабданбеков enbek.kz. сайты арқылы жұмыс тапқан. Continue reading “Елорда тұрғындары “Жұмыспен қамтудың жол картасы” арқылы тұрақты жұмысқа тұруда”

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

06.10.2020

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021ж.ж жол картасы» аясында 15 253 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген. Continue reading “«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады”