Кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдіргендер үшін кадрға сұранысы бар жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.

08.01.2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдіргендер үшін  кадрға сұранысы бар жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.

Кәсіптік оқыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында жұмыс берушіге кепілдік хат-Өтінім ресімдеу қажет (кадрларға сұранысын көрсету керек), содан кейін Сіздің ұйымыңыз белгілі бір мамандық бойынша оқығысы және жұмыс істегісі келетін жұмыссыз азаматтармен әңгімелесу үшін шағын жәрмеңкеге шақырылады.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жұмыс берушілердің таңдауын ескере отырып, тегін оқуға жібереді.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін диплом алған маман сіздің ұйымыңызға тұрақты жұмысқа орналасуға келеді.

Сұрақтар бойынша 95-44-16 телефоны арқылы немесе Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО мекенжайына хабарласуыңызға болады.

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

27.10.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылы «Бірінші жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Continue reading “Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!”

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

27.10.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Continue reading “Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!”

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

18.09.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға жастар тәжірибесі ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды. Continue reading “Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!”

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!  

18.09.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды. Continue reading “Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!  “

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының  жұмыс берушілері!

18.09.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды. Continue reading “Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының  жұмыс берушілері!”

2020 жылдың 1 маусымына дейін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастыруға өтінімдерді қосымша қабылдау басталды

22.05.2020

Короновирус пандемиясы кезеңінде халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру аясында республикалық бюджет қаражатынан «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын қосымша қаржыландыру бөлінді. Continue reading “2020 жылдың 1 маусымына дейін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастыруға өтінімдерді қосымша қабылдау басталды”

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы 

06.03.2020


«Жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, 2016 жылғы 16 қарашада елорда әкімдігі азаматтардың жекелеген санаттарын, атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі адамдарды (мүгедектер), пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және білім беру ұйымының түлектері болып табылатын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін айырылған 23 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіледі.

Осы Қаулы аясында қаланың жұмыс берушілері қызметкерлердің штаттық санына байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталық жұмыс орындарын құруға міндетті.

Мүгедектер үшін қызметкерлердің штаттық саны 50-ден 100-ге дейінгі жұмыс беруші 2% жұмыс орнын, қызметкерлердің штаттық саны 101- ден 250-ге дейінгі жұмыс беруші 3% жұмыс орнын, қызметкерлердің штаттық саны 251-ден астам жұмыс беруші 4 % жұмыс орнын құруы тиіс.

Штаттық саны 50- ден астам жұмыс берушілерге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқу бітірушілер үшін 1% мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы қала жұмыс берушілерінде квоталық жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жүргізеді, ұсынылған есептерді жинайды және өңдейді.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталық жұмыс орындарын құру және бар бос жұмыс орындары туралы мәліметті, белгіленген нысан бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет, анықтама үшін телефон 95-44-17.

Сондай-ақ, есепті белгіленген нысанда kvota_2018@mail.ru  электрондық поштасына жібере аласыз (толтыру үшін нысанды қоса ұсынамыз, ішінде 2 кесте)

Жұмыс орындарының квотасы орындалмаған және есеп әр тоқсан сайын айдың 5- не дейін ұсынылмаған жағдайда, кәсіпорын туралы мәліметтер «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы  және бақылау басқармасы»  ММ- не жіберіліп отырады.

 

Құжатты жүктеу