«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант  

04.12.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы аясында жаңа бизнес- идеяларды іске асыру үшін  мемлекеттен грант бөлінеді. Биыл  Халықты жұмыспен қамту орталығы  арқылы 1000- нан астам бизнес-жоба қаралып, 491 грант берілді, оның  ішінде Бизнес  Бастау жобасы бойынша – 414 және кәсіптік оқу курстарын тәмамдаған-45 адамның жобасы кәсіпкерлік бастауға  лайық деп танылды. Continue reading “«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант  “

Елордада екі жүзден астам адам “Еңбек” бағдарламасы бойынша қайта оқытудан өтті

16.10.2020

Биыл Нұр-Сұлтанда “Еңбек” бағдарламасы бойынша 220 адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді. Олар арнайы ұйымдастырылған курстарда жаңа білім алды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы төмен немесе біліктілігін жоғалтқан және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатыса алады.

Кәсіптік оқыту ұзақтығы 2020 жылы үш айға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысушыларды 5556 теңге көлемінде қаржылық қолдаумен және 21 787 теңге көлемінде шәкіртақымен қамтамасыз етеді.

Кәсіптік білім беру курстары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ұйымдастырылады. Ал кадрларға деген қажеттілік жұмыс берушілердің өтінімдерімен анықталады. Биыл сұранысқа ие сегіз мамандық: аспаз, кондитер, тігінші, пішуші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиешінің көмекшісі.

“Қысқа мерзімді кәсіптік курстарға қатысып, тегін оқу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Жеке куәлік, оқу орнын бітіргені туралы құжат (орта білім туралы аттестат немесе жоғары білім туралы диплом) қажет. Елордалықтар Бейбітшілік, 25 үй, «Өркен» ІО орналасқан “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына” жүгінуі керек”, – деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығында.

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы кәсіптік қайта оқыту курстарына өтінімдер қабылдау аяқталған. Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: 7(7172) 95 44 18; 95 44 16, 8 777 116 82 73.

Байланыс

30.04.2020

 

Баспасөз қызметі

Teл.: +7 (717) 295-44-25

E-mail: cznast.ps@gmail.com