Жастар тәжірибесі оң мысал

15.02.2021

Біздің келесі кейіпкеріміз Шырын Мақсатқызы. 2021 жылғы қаңтар айынан бастап “Жастар практикасы” бойынша жұмыс істеп жүр. Жас маман астанадағы Жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесіне жүгініп жұмыс тапқанына дән риза.😊

Егер сіз де жұмыс іздеп жүрген жастардың қатарында болсаңыз, Халықты жұмыспен қамту орталығы “Жастар практикасы” бағдарламасына қатысуға шақырады.

▶️«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу үшін @czn_astana-да «жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет ⠀

👨‍🎓👩‍🎓Жастар тәжірибесі – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.

💥Жасы 29 – дан аспауы керек

📆Жастар тәжірибесінің ұзақтығы: 6 айдан аспайды

💵Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге

☎️ +7 705 329 7719; 8 777 116 82 73; 57-89-12;

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың оң нәтижесі

15.02.2021

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеуге ниетті әрбір азаматының өз мүмкіндігі мен қалауына сай келетін жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Орталыққа қоғамның осал тобына жататын азаматтар мен мүгедектігі бар жандар  келеді.

Қалауова  Әсел Жодыбекқызы 3 топ мүгедектігі бар жанның біпі. Ол  қай кезде де белсенді өмірге құштар.2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді. Орталық мамандары Әселдің мүмкіндігіне орай жұмысқа орналасу бос жұмыс орындарын  ұсынды. Қоғамдық жұмыстар бойынша 2 ақпан күні “Астана-ЕРЦ”ЖШС жұмысқа шықты.

Егер сіз де жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, астанадағы Жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардан кеңес алыңыз. Орталықтың қоғамның осал топ мүшелерімен жұмыс істеу бөлімінің байланыс тел: 8 705 318 97 92;72-93-41.

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАСТАЛДЫ

04.02.2021

Білім алдың, әңгімелесуге бардың, бірақ барлық жерде жұмыс тәжірибесі қажет пе?Олай болса, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына қосылыңыз.
Жарты жылдық тәжірибе барысында Сіз баға жетпес тәжірибе ғана емес, біліктілікті арттыру және армандаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік аласыз.
Бүгін Жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасқан Ақерке Бауыржан туралы айтайық. Ақерке «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру колледжінің түлегі. Заңгер мамандығы бойынша 2019 жылдың маусым айында қолына диплом алған. Жас маман алдымен дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Өйткені өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Ал қазір, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментіне жұмысқа орналасты.
Қалай дейсіз бе? Ақерке 2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, Жастар практикасы бағдарламасына қатысуға болатынын түсінді. Орталық мамандары бір апта ішінде жас маманды жұмысқа орналасуға жіберді.
Яғни, жұмыспен қамту орталығын келді, кеңес алды, сұхбаттасуға жіберілді, жұмысқа орналасты.
Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы -29 –дан аспауы керек.Жұмыс істеу мерзімі 6-ай.
Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.
Телефоны:57-88-88; 7 776 496 6213; 7 705 329 7719 көрсетілген номерлер толық ақпарат алу үшін.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтары : пробацияда тұрған, жетім балалар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Бұл мәселе бойынша кеңес алу үшін -7 775 902 73 53;7 705 318 9792; 72- 93- 41; 95-44-23 телефон номерлеріне хабарласып білуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» Іскерлік орталығы.
⠀@czn_astana#cznastana

Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы 561 грант берілді       

11.01.2021

Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеялар үшін 561 грант берілді. Continue reading “Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы 561 грант берілді       “

«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант  

04.12.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы аясында жаңа бизнес- идеяларды іске асыру үшін  мемлекеттен грант бөлінеді. Биыл  Халықты жұмыспен қамту орталығы  арқылы 1000- нан астам бизнес-жоба қаралып, 491 грант берілді, оның  ішінде Бизнес  Бастау жобасы бойынша – 414 және кәсіптік оқу курстарын тәмамдаған-45 адамның жобасы кәсіпкерлік бастауға  лайық деп танылды. Continue reading “«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант  “

Елордада екі жүзден астам адам “Еңбек” бағдарламасы бойынша қайта оқытудан өтті

16.10.2020

Биыл Нұр-Сұлтанда “Еңбек” бағдарламасы бойынша 220 адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді. Олар арнайы ұйымдастырылған курстарда жаңа білім алды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы төмен немесе біліктілігін жоғалтқан және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатыса алады.

Кәсіптік оқыту ұзақтығы 2020 жылы үш айға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысушыларды 5556 теңге көлемінде қаржылық қолдаумен және 21 787 теңге көлемінде шәкіртақымен қамтамасыз етеді.

Кәсіптік білім беру курстары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ұйымдастырылады. Ал кадрларға деген қажеттілік жұмыс берушілердің өтінімдерімен анықталады. Биыл сұранысқа ие сегіз мамандық: аспаз, кондитер, тігінші, пішуші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиешінің көмекшісі.

“Қысқа мерзімді кәсіптік курстарға қатысып, тегін оқу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Жеке куәлік, оқу орнын бітіргені туралы құжат (орта білім туралы аттестат немесе жоғары білім туралы диплом) қажет. Елордалықтар Бейбітшілік, 25 үй, «Өркен» ІО орналасқан “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына” жүгінуі керек”, – деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығында.

Мамандардың айтуынша, биылғы жылы кәсіптік қайта оқыту курстарына өтінімдер қабылдау аяқталған. Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: 7(7172) 95 44 18; 95 44 16, 8 777 116 82 73.

Байланыс

30.04.2020

 

Баспасөз қызметі

Teл.: +7 (717) 295-44-25

E-mail: cznast.ps@gmail.com