«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант  

04.12.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы аясында жаңа бизнес- идеяларды іске асыру үшін  мемлекеттен грант бөлінеді. Биыл  Халықты жұмыспен қамту орталығы  арқылы 1000- нан астам бизнес-жоба қаралып, 491 грант берілді, оның  ішінде Бизнес  Бастау жобасы бойынша – 414 және кәсіптік оқу курстарын тәмамдаған-45 адамның жобасы кәсіпкерлік бастауға  лайық деп танылды.

Мемлекеттік грант алушылар: көпбалалы отбасы мүшелері,  мүгедектігі бар жандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен  29 жасқа дейінгі азаматтар. Бұған қоса, ешқандай санатқа кірмейтін 281 адамның  жобасы мақұлданды.

Осы бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін  республика қазынасынан бөлінген қаржы-260 163 600 теңге.

Айгүл Мақсатқызы-  2020 жылғы  грант иегері.  Шілде айында Бизнес-бастау курсын  онлайн оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйренді.  Тамыз айында  200 АЕК көлемінде (555  600 теңге) грант ұтып алды. Мемлекет берген қайтарымсыз  қаржыға  тіс емдеуге қажетті аппарат сатып алды.

Стомотология саласында 26 жылдық еңбек  өтілі бар тіс дәрігерінің жеке емдеу кабинеті бар. Қазір күніне 4-5 адамды қабылдап отыр. Бизнес жобасының ерекшелігі – қызмет көрсетудің өзгелерге қарағанда  бағасының арзан болуында.  Сондықтан  Айгүл Мақсатықызына  алдын-ала жазылып келушілер көп.

Тіс дәрігерінің  денсаулығында кінараты бар.  ІІ топтағы мүгедек.   Әйтпегенде емделушілер қатарын   арттырғысы ақ келеді.Кәсібін дөңгелетем деушілер үшін  мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай  қолдау орасан зор мүмкіндік, дейді өзі.

Қазір  мемлекет беретін қайтарымсыз қаражат арқылы бизнес бастағысы келетіндердің  қатары  көбейген.  Енді грант алғысы келетіндер бизнес жобасын келесі жылға  дайындауы керек, деді Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары.