Ақпарат

08.07.2020

«Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2020 жылғы № 268 бұйрығына сәйкес тікелей байланысты болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушыға келесі тоқсанға ақпараттық жүйеде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш 2020 жылғы 2-тоқсанының табысын есепке ала отырып, автоматты түрде қалыптастырылады.

2020 жылғы 2-тоқсан үшін отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірыңғай жиынтық төлем  төлеуге байланысты тәуелсіз жұмыскерлердің  25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі табысы, төтенше жағдай әрекеті кезеңінде қызметінің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, төтенше жағдай әрекеті кезеңінде азықтүлік–тұрмыстық жинақтарды сатып алуға бөлінген ақшалай қаражаттың мөлшері, төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындарды өтеу жеке тұлғаның табысы ретінде  қаралмайды.

Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімінің ұзартылуымен бір мезгілде ұзартылады. Азық-түлік жиынтығының түрі баланың жасын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі баланың жасына негізделе айқындалады және оның ұзартылу мерзіміне ұсынылады.

2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасы құрамы және/немесе кірісі өзгерген жағдайда, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері келесі тоқсанда олар жүгінген күннен  бастап қайта есептеледі. Бұл үшін czasp@astana.kz электрондық поштаға өз қолымен жазылған өтінішті тапсыру қажет.

АӘК тағайындауға алғаш рет өтініш берілген жағдайда өтініш білдірушілер «Электрондық өтініш беру» сервисі арқылы қосымшасымен www.egov.kz веб-порталы немесе czasp@astana.kz электрондық поштаға өтініш беруіне болады.