Карантин кезеңінде АӘК тағайындауға өтінішті қалай беруге болады

28.04.2020

Қадамдық нұсқаулық:⠀

1) Бастапқы АӘК тағайындау үшін:
Егер сіз АӘК тағайындауға бірінші рет жүгінетін болсаңыз. Өтініш берудің екі әдісі бар:
а) www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы.
Ол үшін eGov порталында «ҚЫЗМЕТТЕР» — «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ» — «МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ» бөлімдерін таңдау керек.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен «мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметіне тапсырыс бересіз, өтініш берушінің қолы қойылған скан-көшірмені немесе өтініштің және жеке куәліктің сапалы фотосын бекітесіз. Қызмет мәртебесін сіз eGov порталындағы жеке кабинеттен бақылай аласыз.
б) czasp@astana.kz электрондық поштасы арқылы
Ол үшін czasp@astana.kz электрондық поштасына – өз қолымен қол қойылған өтініштің скан-көшірмесін немесе сапалы фотосын  және өтініш берушінің жеке куәлігін  жіберу керек. Қызметтің мәртебесін сіз 578700 call-орталығына немесе қала аудандары бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің жетекшілеріне қоңырау шалу арқылы тексере аласыз, нөмірлер  www.cz.astana.kz сайтының «Онлайн-кеңес беру» бөлімінде қол жетімді.

2) АӘК  қайта тағайындау үшін:
Егер сіз атаулы әлеуметтік көмек алушысы болсаңыз және отбасы құрамыңыз, тұрғылықты жеріңіз және табыс деңгейіңіз өзгермесе – жаңа мерзімге АӘК  өтінішсіз автоматты түрде тағайындалатын болады.
Егер атаулы әлеуметтік көмек алушы 2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларымен келіспейтін болса, онда ол 1-тармақта көрсетілген әдіс бойынша қарау үшін жаңа өтініш бере алады.⠀
CZ Astana мобильдік қосымшасының АӘК калькуляторы бөлімінде сіз, төлем сізге тағайындалады ма және қандай мөлшерде екендігін онлайн есептей аласыз.

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау қағидаларымен келесі сілтеме арқылы  таңыса аласыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011426

Жүктеу үшін өтініш үлгісі