Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында «Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» тақырыбыда онлайн-конференция өтті ⠀

28.04.2020

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтынай Махмедунқызы Қосыбаева, Орталықтың кәсіптік оқыту бөлімінің жетекшісі Азамат Елемесұлы Байтасов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева қатысты.⠀

Тікелей эфирде жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары, ТЖ режиміндегі композиттік қызметтер және жүзеге асырылып жатқан «Еңбек» бағдарламасы туралы айтып берді. Сонымен қатар, «Жастар тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламаларына қатысу шарттары туралы азаматтар мен жұмыс берушілердің өзекті сұрақтарына жауап берді.⠀

Тікелей эфирдің толық бейне баяны келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://web.facebook.com/…/UzpfSTExMDgxODA2Njk5ODk2MjoyMz…/⠀