Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында апта сайынғы шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өте

04.02.2020

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Бейбітшілік көшесі 14 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді.

Аталған іс-шараның мақсаты жұмыс іздеуде жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

Осындай шағын жәрмеңке апта сайын өткізілетін болады.

Бұл жерде ізденушілер жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы біле алады. Сондай-ақ олар таңдалған жұмыстың ерекшелігімен танысып, сұхбаттасудан өтеді. Жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндеме толтырып, жұмыс берушілерге қалдыра алады. Жұмыс іздеушілерге икемді жұмыс кестесі бар, толық емес жұмыс күніне бос жұмыс орындары ұсынылатын болады.

Іс-шара азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған.