Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»

26.09.2018

Бүгін «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Халықты жұмыспен қамту орталығы Астана қаласының Ғ. Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназияда 9-11 (9 сынып 147, 11 сынып 77, жалпы 224 оқушы) сынып оқушыларына арналған интернет сайтын қолдануымен бірқатар тестілік әдімтемелер көмегімен кәсіби бағдарлау диагностикасын жүргізді. Тестілеуді www.bagdar.kz электронды түрде ұсынған «Жоғары сыныптар үшін Кәсіптік-таңдау кешендік бағдарлау тестілері» атты тест бойынша өткізілді. Барлығы 224 оқушы мамандық бейімділіктерін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар тестін тапсырды.
Сонымен қатар, бұл іс-шара қыркүйек және қазан айлары аралығында қаланың 12 мектептеріндегі 9-11 сыныптар арасында, барлығы 3437 оқушы кәсіптік бағдар беруден өтеді. 
#czn_astana