Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1500-ден астам адам жұмысқа орналастырылды

19.05.2020
Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру аясында елордалық жұмыспен қамту орталығы 1558 адамды жұмыспен қамтыды.
Қазіргі уақытта елордада ЖҚЖК бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Күн сайын бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп отыратын, 33 мердігер – жұмыс берушілермен  ниет-хаттамаларына қол қойылды.Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңгені құрайды. Жұмысқа орналастыруда басымдылық жұмыссыз жастарға беріледі. Бүгінгі таңда сұранысқа ие бос жұмыс орындары: әр түрлі жұмыс істеуші, құбыр монтажшысы, экскаватор жүргізушісі, Камаз жүргізушісі, көгалдандыру бойынша жұмысшы, фонтанға қызмет көрсету слесары.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы осы бағытта сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін, жұмыссыз азаматтарды қолдау және қажетті ақпарат беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.