Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІ  

21.10.2019

Жұмыспен қамту орталығы халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді. Барлық қызмет түрлері  тегін көрсетіледі.

Азаматтарға арналған қызметтер:

 

1) Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу

2) Жұмыссыз тұлға ретінде тіркеу

3) Лайықты бос жұмыс орнын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

4) Кәсіптік оқыту

5) Кәсіби бағдар

6) Әлеуметтік жұмыс орындары

7) Қоғамдық жұмыстар

8) Жастар тәжірибесі

9) Шағын несиелеу туралы кеңес беру

10) Атаулы әлеуметтік көмек

Бейбітшілік 14 мекен жайы бойынша орналасқан

«Жанұя» отбасы институтын  қолдау орталығы

11) Жұмысынан айрылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер

 

Жұмыс берушілерге арналған қызметтер:

 

  • Жұмыс берушінің критерийлеріне сәйкес «Электрондық еңбек биржасы» ААЖ бос жұмыс орындарын тіркеу (толық және өзекті ақпараты бар бос жұмыс орындарын тіркеу)
  • Экономика секторлары бойынша жұмыс берушілермен жұмыс ұйымдастыру
  • Жұмыс берушілер үшін персоналды іріктеу
  • Жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру бойынша жұмыс берушілерге кеңес беру
  • Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орындарын құруды субсидиялау
  • Жұмыс берушіні, заңды тұлғаны таратуға немесе қызметін тоқтатуға, қызметкерлер санын немесе қызметкерлер құрамын қысқартуға байланысты қызметкерлерді алдағы уақытта босату туралы ақпаратты қабылдау
  • Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру
  • Квоталық жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілердің мониторингі.
  • Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен жұмыс
  • Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастыру.

 

Келесі мекен-жайға хабарласыңыздар Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Бейбітшілік көшесі, 25 үй ІО «Өркен»

Call center: +7 71 72 57-88-88

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

11.09.2019

Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен  уағдаластық  бойынша  жалақасын субсидиялай  отырып, жқмыссыздарды  жұмысқа  орналастыру  үшін әлеуметтік  жұмыс орнын  құрады.

Әлеуметтік жұмыс орыны кәсіпорындарда және барлық  меншік  нысанындағы ұйымдарда  ұйымдастырылады.

Әлеуметтік  жұмыс  орындары тұрақты  жұмыс  орындарынан  тыс  және  тұрақты жұмыс орындарына  арналған  бос  жұмыс  орындардан құрылады. Мұндай  жұмыс  орындары  ауыр  жұмыстарда, зиянды және(немесе)  қауіпті еңбек жағдайлары бар  жұмыстарда  құрылмайды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарының  саны  шектелмейді.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарындағы  жұмыс уақытша сипатқа ие  болады. Азаматтардың  әлеуметтік жұмыс  орындарына  қатысу  ұзақтығы  12 айдан  аспайды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан жұмыссыздардың  жалақысына  берілетін  ай  сайынғы  субсидия  мөлшері  экологиялық үстемақылар бойынша  төлемдерді  есепке  алмағанда, салықтарды, міндетті  әлеуметтік  ауларымдарды  және  пайдаланылмаған  еңбек  демалысына өтемақыны  ескергенде жалақының  белгіленген  мөлшерінің  35 %  – ын  құрайды, бірақ  тиісті қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджнт  туралы  заңда айқындалған  ең  төменгі  жалақы  мөлшерінен аспауға тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

06.09.2019

Жұмыс берушінің  құқықтары

1.Кадрларды іріктеуде  тегін  қызмет алуға  құқылы

2.Мүгедектерге  жұмысқа орналастыру  үшін  арнайы  жұмыс орындарын  құруға  кеткен  шығындарға  субсидия  алуға  құқығы  бар.Субсидиялар  жұмыс  берушілерге  арнайы  жұмыс  орындарын жарақтандыру үшін  құрал-жабдықты  сатып  алуға, монтаждауға  және  орнатуға  кеткен  шығындарды  өтеу  мақсатында  беріледі

3.Техникалық  және  кәсіптік, орта  білімнен кейінгі, жоғары, жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  түлектері  алған  кәсібі (мамандығы) бойынша  бастапқы жұмыс  тәжірибесін  жинақтау  үшін  жастар практикасын  ұйымдастыра  алады.

4.Халықты  жұмыспен  қамту  орталығымен шарт  негізінде  еңбек  ақыны субсидиялау  арқылы  мемлекеттің  қолдауымен  әлеуметтік  жұмыс  орындарын  құра  алады

5.Мамандарды  оқытып, одан әрі өз  ұйымында жұмысқа орналастыру мақсатында қысқа мерзімді  кәсіптік  оқуға  қатысушы өтініш  беруіне болады

Жұмыс берушінің міндеттері

1.ҚР-НЫҢ «Халықты жұмыспен қамту » туралы Заңының 28-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы  мәліметтерді еңбек жағдайлары  мен төлемақысын  көрсете отырып, олар пайда  болған күннен бастап  5 жұмыс  күні  ішінде   халықты  жұмыспен  қамту орталығына  жазбаша  түрде  немесе «Еңбек  биржасы»  мемлекеттік  интернет-ресурсы  арқылы  жіберуі  қажет

2. ҚР-НЫҢ «Халықты жұмыспен қамту » туралы Заңының 27-бабына сәйкес жұмыс беруші азаматтардың  келесі санаттары  үшін:

– ата-анасынан  кәмелеттік  жасқа толғанға  дейін  айырылған  немесе  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  жастарға

– мүмкіндігі шектеулі  адамдарға (мүгедектерге)

– бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылған  адамдарға

– пробация  қызметінің  есебінде  тұрған  адамдарға квоталы жұмыс  орындарын  құруға  міндетті

Электронды еңбек биржасы

04.09.2019

Электронды еңбек биржасы (әрі қарай- Е-Биржа) жұмысқа орналастыру мүмкіндіктер және қызметшілер құрамын іріктеуді қамтамасыз етуге арналған бірыңғай сандық алаңы. Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындар және ізденушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі деректерден жаңартылады:

– өздігінен жұмыс берушілерге және ізденушілерге;

– мемлекеттік еңбек дерек қорынан бос жұмыс орындарды және іздеушілерді (халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен Мемлекеттік деректер ықпалданған).

– жұмыспен қамту жеке агенттіктермен;

–  бұқаралық ақпарат құралдарымен;

– жұмысқа орналастыру онлайн-алаңдармен;

Портал Е-Биржа мүмкіндік береді:

– бос орындар және түйіндемелердің деректерін онлайн арқылы алуға;

– Жеке кабинетті тіркеу және бос орынды немесе түйіндемені орналастыру;

– порталда талап ететін критериялармен (қызмет саласы, кәсібі, аймағы) жаңадан жарияланған бос жұмыс орын және түйіндемелер туралы ақпаратты өзінңіздің электрондық адрісіңізге немесе Telegram мессенджіріңізге тарату алып тұруға жазылуға болады.

– пікірлердің тәртіптерін және сұбхатасуға шақыруларды пайдалана отырып, жұмысқа алуға немесе жұмысқа қабылданған болу;

– жұмыс берушінің Жеке кабинетінде арнайы жұмыс орынға қаржыландыруға өтінім жайғастыруға;

– халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымды бос орындар туралы ақпараттарды онлайн режимде жіберуге;

– кәсіптік бағдарлау тест өту және тестің тиісті нәтижелеріне сәйкес порталда бос жұмыс орынды табу;

Е-Биржада тіркеу, бос орындар және түйіндемелердің деректерін, бос орындарды жариялау, түйіндемелерді және басқадай ақпараттарды тегін және тәулік бойы көруге мүмкіндік бар.

Е- Биржамен жұмыс және қызметшілерді іздестіру – ол дереу, жәйлі және жайша!

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

03.09.2019

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, ай сайынғы 21 787 тг көлемінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Құжаттар тізім:

  1. Жеке куәлік+көшірмесі
  2. Білімі туралы диплом (Аттестат)+көшірмесі
  3. Еңбек кітапшасы+көшірмесі

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Немесе жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі бар:

100 АЕК – жұмыссыздар

200 АЕК-29 жасқа дейінгі жастар, АӘК алатын азқамтылғандар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды тұлғалар

Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласыңыздар: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25

Тел: +7 7172 57 89 78, 95 44 16

Жастар практикасы

03.09.2019

Алғашқы еңбек тәжірибесін алу үшін:⠀
-жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы үш жылдағы ЖОО мен колледж түлектеріне арналған⠀

Жасы 29- дан аспауы керек⠀ ⠀

Практика 6 айдан аспайды,
дипломдағы мамандық бойынша⠀

Еңбекақы төлемі 81 345 тг.⠀
әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын есептемегенде 70 139 тг.