«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

06.10.2020

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021ж.ж жол картасы» аясында 15 253 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген. Continue reading “«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады”

28.05.2020

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша жұмыс орындары

19.05.2020

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қажет:⠀

жалақысы 180 000 теңгеден бастап электр газымен дәнекерлеуші;⠀
жалақысы 167 000 теңгеден бастап электр монтажшысы;⠀
жалақысы 180 000 теңге бульдозер машинисі;⠀
жалақысы 150 000 теңге кіші механизация жөніндегі слесарь-механик;⠀

ЖҚЖК бағдарламасына қатысу үшін, Бейбітшілік к-сі 25 мекен-жайы бойынша, «Өркен» ІО-да орналасқан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.⠀

Келесі нөмірлер бойынша кеңес алуға болады: +7 707 271 06 10+7 747 108 21 96, 57-88-89, 72-93-62.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша жұмыс орындары

05.05.2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021 жылдарға арналған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мыналарды талап етеді:

еңбекақысы 200 000 теңге  белгілеу машинасының операторы;

– еңбекақысы 180 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін автомобилді кран машинистері;

– еңбекақысы 150 000 теңгеден 170 00 теңгеге дейін  жүк көлігінің жүргізушілері (әр түрлі жұмыс жасаушылар);

– еңбекақысы 140 000 теңгеден бастап экскаваторшылар;

– еңбекақысы 85 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін сырлаушылар;

– еңбекқысы 85 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін әр түрлі жұмыс жасаушылар;

– еңбекақысы 85 000 теңгеден бастап қосалқы жұмысшылар;

– еңбекқысы 85 000 теңгеден бастап үй-жайларды жинаушылар.

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ», Бейбітшілік   к-сі,  25

8(7172) 72-93-62

8(7172) 57-88-89

8 707 271 06 10

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жж

30.04.2020

Еліміздің Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Бүгінгі таңда жобаларды іске асыруға қажетті білікті мамандарды іріктеу басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында, келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейтін жұмысқа орналасуға шақырады:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту, салу;

– қала нысандарын абаттандыру.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері ЖҚЖК жобаларына кадрларды іріктеумен айналысуда, бос жұмыс орындары www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында қолжетімді болады.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы 7500-ден астам жұмыссыз жұмысқа орналасады.

 

ЖҚЖК 2020 қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту Орталығына, келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 8707-271-06-10, 8747-108-21-96, 57-88-89, 72-93-62.