Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

13.01.2020

Құрметті елорда жұмыс берушілері

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерге өзара ынтымақтастық  ұсынады. Егер сізде кадрлар қажеттілігі болса, біз «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды тегін оқыта аламыз. Ол үшін сізге кепілдік хат-өтінімді ресімдеу қажет (кадрларға қажеттілікті көрсету). Содан кейін, Сіздің ұйымыңыз жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесіне шақырылады. Жұмыс берушілердің таңдауын ескере отырып, жұмыспен қамту Орталығы жұмыссыз азаматтарды  тегін оқуға жібереді.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін, маман сіздің ұйымыңызға тұрақты жұмысқа орналасуға барады.

Назар аударыңыз: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ оқытылған тұлғаларды жұмысқа орналасуға кепілдік беретін  жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Сұрақтарыңыз болса келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 7172 95 44 18, 95 44 16

Мекен-жайы: «Өркен» ІО, Бейбітшілік көшесі 25

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері! ⠀

01.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 13 қарашадағы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-Бағдарлама) іске асыру келісіміне сәйкес хабарлайды:
«Жастар практикасы» «Қоғамдық жұмыстар» «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламаларды жаңа қаржы 2020 жылға ұйымдастыруға өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 31 қазанында тоқтатылды.
Қосымша өтінімдер қажеттілікке байланысты (бағдарлама шарттары) қабылдануы, жұмыс берушілер үшін ақпарат www.cz.astana.kz ресми сайтта орналастырылады.

Жұмыс орындарын квоталау туралы заңды орындау бойынша жұмыс берушілерге хабарлама

03.10.2019

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 28 бабының 2 тармағының 6 тармақшасына сәйкес»  жұмыс  беруші әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін белгіленген квотаны орындауға міндетті  (мүмкіндігі шектеулі адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар  және  білім беру ұйымының түлектері болып табылатын кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі жастар)

 

 

 

Continue reading “Жұмыс орындарын квоталау туралы заңды орындау бойынша жұмыс берушілерге хабарлама”