Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

09.10.2019

Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берген азаматтар үшін бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді жүзеге асырады.

1) халықты жұмыспен қамту орталықтарының дерекқорында бар бос жұмыс орындарына;

2) “Жұмыс” интернет-порталына жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына (www.enbek.kz);

3) уақытша жұмыс орындарына: жалақының ішінара субсидиясы бар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесін өту үшін арналған жұмыс орындарына, уақытша жұмыспен қамту үшін арналған қоғамдық жұмыстарға.