Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

03.09.2019

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, ай сайынғы 21 787 тг көлемінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Құжаттар тізім:

  1. Жеке куәлік+көшірмесі
  2. Білімі туралы диплом (Аттестат)+көшірмесі
  3. Еңбек кітапшасы+көшірмесі

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Немесе жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі бар:

100 АЕК – жұмыссыздар

200 АЕК-29 жасқа дейінгі жастар, АӘК алатын азқамтылғандар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды тұлғалар

Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласыңыздар: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25

Тел: +7 7172 57 89 78, 95 44 16