Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасына сұраныс артып келеді.
Өткен жылы 900 ге жуық жоғары оқу орны түлегі аталған бағдарлама бойынша тәжірибенден өтіп, оның тең жартысы тұрақты жұмысқа тұрды. Жыл басынан бері бағдарлама бойынша 250 ден астам жас тәжірибен өтуде.

Егер Сіз де бағдарлама қатысушысы болғыңыз келсе, төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз:

Жастар тәжірибесі – жасы 29 жастан аспанған түлектерге арналған өз мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асырылатын еңбек түрі. Бағдарламаға жұмыссыз ретінде тіркелген, оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаған түлектер қатыса алады. Жоба ұзақтығы – 6 ай.

Тәжірибе жинақтау барысында қатысушылар ай сайын 70 139  теңгені құрайтын еңбекақы алып отырады.