Жұмыс іздеуші тұлға ретінде қалай тіркелуге болады?⠀ ⠀⠀

14.11.2019
Жұмысы және (немесе) кірісі (табысы) жоқ және қолайлы жұмыс іздеген тұлғалар жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.⠀
Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу үшін келесіні ұсыну қажет:⠀
• өтініш;
• ЭЦҚ
• Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа)
• Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
• Еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқа)⠀⠀
Тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы, үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы тиісті жұмыстың бар екендігі туралы хабарлама жібере отырып, қолайлы жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдар және кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Егер он жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген тұлғаға қолайлы жұмыс таңдалмаған болса, ол жұмыссыз тұлға ретінде тіркеле алады.
Барлық тіркеу үдерісі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.