Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Елорданың жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек көрсетеді  

10.02.2020

 

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығы өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі азаматтармен мақсатты жұмыстар жүргізеді. Әр апта сайын Орталық қызметкерлері «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарының квотасын орындау» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесулер өткізуде.

Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес (27-бап) жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

Ағымдағы жылдың  30 қаңтарында қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмыс берушілерімен кездесу өткізілгендігі туралы  айта  кеткен жөн. «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құруға арналған субсидиялар», «Кәсіптік оқыту» бағдарламасына қатысу және басқа да жұмыспен қамту шаралары – жұмыс берушілер үшін қызықты  әрі тиімді ұсыныс. Кездесудің басты нәтижесі ретінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  қатысып отырған жұмыс берушілер мен жұмыспен қамту Орталығының  белсенді ынтымақтастық орнатуын  атап өтуге болады.

 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үйден шықпай-ақ, онлайн бос жұмыс орындарын қарай алады. Бұл үшін www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелу қажет. Екінші нұсқа, Бейбішілік көшесі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына жүгіну.

Ағымдағы жылдың басынан бері 155 мүгедек жұмыспен қамтылды.