Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Еңбектерін Елбасы еледі!

05.12.2018

– Қарлығаш Рахымқызы, төсбелгіңіз құтты болсын! Елбасының қолынан марапат алдыңыз. Көңіл күйіңіз қалай?

– Сөз жоқ бақыттымын деуге болады. Мен 1996 жылдан бері Халықты жұмыспен қамту басқармасы кезінен қызмет атқарып келемін. Степногорск қаласынан отбасы жағдайына байланысты, Астанаға 2012 жылы көшіп келдім. Басында Қоғамдық жұмыстарда 45 мың теңге айлыққа еңбек еттім. Енді, міне еңбегім жерде қалмады. Тағы бөлісетін 2 қуанышым болып тұр.

– Керемет екен! Ал, бөлісе отырыңыз…

Ия, ойламаған жерден төсбелгі алдым. Негізі менің ойыма да кірмеді. Күндегідей жайбарақат жұмысыма келіп, 1 желтоқсан Президент күніне орай Орталығымыздың Акт залына бардық. Сол жерде басшымыз Абай Мұхамеджанұлының менің аты-жөнімді атап, ортаға шақырғанда өзім сасып қалдым. Бір уақытта ұялы телефоныма қаншама уақыт күткен «мақұлданды» деген баспана бойынша ақпарат келді. Сондай-ақ «30 мың теңге бонус түсті» деп балам хабарласты. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен келіп жатқан хабарламалар еді. Міне, көрдіңіз бе бір күнде және 1- Президент мейрамы қарсаңында осындай бақытты сәттер туды.

– Толқып отырсыз… Халыққа айтарыңыз бар болар?

Әрине, мен ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымды білдіргім келеді. Ол кісінің халыққа деген жасаған жақсылығы ұшан-теңіз. Еңбегімізді бағалап жерге тастамады. Осы 25 жылға уақыт халыққа иіліп қызмет еткен еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Ия, алдыма күніне нешетүрлі кісі келеді. Әсіресе жастар жағы көп жалақыны, аз жұмысты қалайды. Олай бола берсе біз дамымаймыз. Сондықтан алдымызға келген жұмыстан қашпай еңбек ете берсек бағымыз жанатыны рас!

ҚР Заңына сәйкес қызмет көрсету парызымыз!

Рүстем Махаббатұлы, Сіз басқарып отырған бөлімге Астананың 20 жылдығына орай, Президент Н.Назарбаевтың 21 қарашадағы Жарлығы бойынша төсбелгі бұйырыпты.

Өз басым және әріптестерім қатты қуандық. Негізі қазақ айтады жақсылықпен бөліссең немесе шын жүрекпен қуана білсең, жұғысты болады дейді. Қарлығаш Рахымқызының еңбегі зор. Ол кісіні қатты құрметтеймін. Әрі басшысы және әріптесі болғаныма разымын.

– Өзіңізде осы сала маманысыз. Негізі әлеуметтік салада қызмет ету оңай емес. Оның ішінде сіздердің бөлімдеріңіз?

– Ойыңызды түсіндім. Мен халықпен тығыз жұмысым Алматы қаласынан басталды. Содан Шығыс Қазақстан облысына шақырылдым. Сол облыста 17 аудан болды. Сол 17 ауданның соңында Шемонайха ауданы, біз тұрдық. Кейін 17-орыннан 11-ге, одан кейін 5 орынға көтерілдік. Бұл KPI көрсеткіші бойынша еді. Орнымыз 5-ке көтерілген соң, жергілікті әкімдік риза болды. Бұл 6 ай отбасымды тастап басқа өңірге, халыққа қызмет еткенімнің жемісі деп ойлаймын.

Өзіңіз басқарып отырған бөлімде 20 жуық аса қызметкер және күніне сан адаммен жүздесу тура келеді. Жұмыстарыңыз оңай емес секілді?

Рас. Бөлімді айтпағанның өзінде сырттан келген кісінің қасқабағына қарау оңай емес. Үлкені-кішісі, мүгедек, сау және т.б. жетеді. Бұл жұмыста біз ең әуелі психологпыз. Келген кісінің көңіліне қарап, жағдайына болжап, жұмыс істеуге тырысамыз. Кейде маған «сен табуың керек» деп міндеттейтіндер бар. Әрине, бәріне көмек бергім-ақ келеді, бірақ ҚР Заңына сәйкес қызмет көрсету парызымыз!

Осы бөлімге қалай келгеніңізді білсек?

Ол өзі бір қызық жағдай болды. Астана қаласына көшіп келген соң, жолдасым “осында Жұмыспен қамту Орталығы бар, сол жерге барып жұмыссыз ретінде жәрдемақы алсаш және жұмыс іздеп көр” деген соң келдім. Содан өмірбаянымды Орталық басшылығына ұсындым. Білікті мамандар менімен жүздесе отырып, тәжірибеме қарап жұмысқа шақырды. Сөйтіп осында қалып қойдық!

Астана қаласы
Халықты жұмыспен қамту орталығы,
Сәния СҮЛЕЙМЕН