Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Елорда жұмыс берушілеріне!!!

23.11.2018

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28 бабы 2 тармағына сәйкес жұмыс берушi бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе “Еңбек биржасы” мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті.

Осыған байланысты, жұмыс беруші меншік түріне қарамастан штат санының, бос жұмыс орындарының бар болуы немесе жоқтығы туралы «Электронды еңбек биржасы» (www.enbek.kz) интернет порталында тіркеуден өтуге міндетті.

Бұдан басқа елорда жұмыс берушілері үшін апта сайын Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту туралы заңнаманы түсіндіру жұмыстары бойынша және “Еңбек биржасы” мемлекеттік интернет-ресурсы порталында жұмыс жасау бойынша оқыту семинарын өткізуде.

Өткізілетін күн: апта сайын сәрсенбі күні сағат 11.00-де.

Семинар өткізілетін орын: Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» ІО, 202/1 кабинеті.

Анықтама телефондары: 57-86-88, 57-88-95,  95-42-24, 72-93-63.