Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мереке құтты болсын!

29.10.2018

Ағымдағы жылдың қазанның 26 күні Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапат ел болып тойланатын әлеуметтік қызметкерлер күніне орай болды.

«Құрметті әріптестер! Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің Орталық қашанда халықпен тығыз жұмыс жасайды. Бүгін еңбектеріңіз бағаланған күн. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мерекеге орай, біраз қызметкерлеріміздің еңбегін бағалап, марапаттауды жөн көрдік», – деді Орталық басшысы Омар Олжас Қобыландыұлы.

«Мен, Халықты жұмыспен қамту орталығына келгенме біраз уақыт болды. Біздің жұмыс негізі елге жүрекпен қызмет етуді талап етеді. Күніне неше түрлі кісілер келеді. Олардың мұң-мұқтажын тыңдау, көмек беру біздің міндетіміз. Менің бөлімім Әлеуметтік көмек беру бойынша қызмет етеміз. Бұл жағдайы төмен отбасылар немесе жалғызбасты аналар. Әріптестеріме айтарым, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!»– деді Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Жамбауова Нұргүл Шманқызы.

Мукашев Ерлан Сакенович – специалист отдела по оказанию активных мер занятости.

Я работаю в Центре занятости населения акимата г.Астаны в отделе по оказанию активных мер занятости уже год и получить благодарственное письмо означало для меня то, что я хорошо справляюсь со своей работой. Я считаю, что если знать своё дело – работа не будет сложной. Новичкам я хотел бы посоветовать не бояться стремиться к новым вершинам . Сейчас есть много возможностей – главное пробовать!”

Анықтама

Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Мемлекет тарапынан қоғамдық өмірдің маңызды бөлігінің бірі саналатын салаға лайықты дəрежеде көңіл бөлініп келеді. Мереке 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген болатын. Осыдан бастап елімізде қазан айынын соңғы жексенбісі көмекке зəру жандарға қолдау көрсетіп жүрген əлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді.