Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Жастар тәжірибесі» немесе Жастар жылы-2019

21.12.2018

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, Қорғаныс Істері жөніндегі департаментінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, Астана әкімшілігі Жастар ұйымының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары қала тұрғындарының толғандырған мәселелері бойынша ақпарат берді.

Аталмыш шара 2018 жылдың 21 желтоқсан күні Әзірет Сұлтан мешітінде орын алды.

Осы шара жөнінде Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарының айтуынша:

«Бүгін біраз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері жиналды. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Қазір қыс кезінде Сол Жағалау тұрғындары үшін бұл үлкен көмек болды. Біздің тарапымыздан Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жастар тәжірибесі» бойынша кеңес берудеміз. Бүгін біраз жастар ақпарат алды. Осы шараның басы кеше «Азия Парк» сауда-ойынсауық орталығында  басталған еді. Бүгінде жұма күнгі жұмысымыз қасиетті жер, Әзірет Сұлтан мешітінде басталғаны жақсылықтың нышаны деп ойлаймын»,-деді Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Жаңабаев Рүстем Махаббатұлы.

Баспасөз қызметі