Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі

30.10.2018

Бөлім басшысы

Кульшиманова Каламкас Мусаевна

Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі – бұл Халықты жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесі, мұнда жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту және жұмыс берушілердің ұсынған жұмысымен қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің негізгі мақсаты:

– жұмыс берушілердің мақсатты топтарын серіктестікке тарту;

– жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату;

– уақытша жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;

– жұмыс берушілердің талабына сәйкес жұмыс іздеушілерді іріктеу;

– жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдарды бос жұмыс орындарына (бос лауазымдарға) жұмысқа орналастыру.

Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің құрамында бөлім басшысы және HR-промоутерлер бар.

2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша – 5 727 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

3468 жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен әріптестік қарым-қатынаста.