Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жж

30.04.2020

Еліміздің Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Бүгінгі таңда жобаларды іске асыруға қажетті білікті мамандарды іріктеу басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында, келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейтін жұмысқа орналасуға шақырады:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту, салу;

– қала нысандарын абаттандыру.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері ЖҚЖК жобаларына кадрларды іріктеумен айналысуда, бос жұмыс орындары www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында қолжетімді болады.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы 7500-ден астам жұмыссыз жұмысқа орналасады.

 

ЖҚЖК 2020 қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту Орталығына, келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 8707-271-06-10, 8747-108-21-96, 57-88-89, 72-93-62.