Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

11.09.2019

Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен  уағдаластық  бойынша  жалақасын субсидиялай  отырып, жқмыссыздарды  жұмысқа  орналастыру  үшін әлеуметтік  жұмыс орнын  құрады.

Әлеуметтік жұмыс орыны кәсіпорындарда және барлық  меншік  нысанындағы ұйымдарда  ұйымдастырылады.

Әлеуметтік  жұмыс  орындары тұрақты  жұмыс  орындарынан  тыс  және  тұрақты жұмыс орындарына  арналған  бос  жұмыс  орындардан құрылады. Мұндай  жұмыс  орындары  ауыр  жұмыстарда, зиянды және(немесе)  қауіпті еңбек жағдайлары бар  жұмыстарда  құрылмайды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарының  саны  шектелмейді.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарындағы  жұмыс уақытша сипатқа ие  болады. Азаматтардың  әлеуметтік жұмыс  орындарына  қатысу  ұзақтығы  12 айдан  аспайды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан жұмыссыздардың  жалақысына  берілетін  ай  сайынғы  субсидия  мөлшері  экологиялық үстемақылар бойынша  төлемдерді  есепке  алмағанда, салықтарды, міндетті  әлеуметтік  ауларымдарды  және  пайдаланылмаған  еңбек  демалысына өтемақыны  ескергенде жалақының  белгіленген  мөлшерінің  35 %  – ын  құрайды, бірақ  тиісті қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджнт  туралы  заңда айқындалған  ең  төменгі  жалақы  мөлшерінен аспауға тиіс.