Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының бірлескен отырысы болды

25.09.2018

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының бірлескен отырысы болды, күн тәртібіндегі мәселе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету.

ҚАЖД-і аумағында Орталық қызметкерлері жұмыспен қамту мәселесі бойынша, сондай-ақ Астана қаласының жұмыс берушілерімен сұхбаттасуға жолдама беру жайлы консультациялар беріп қабылдау жүргізетін болып шешім қабылданды.