Елорданың жұмыспен қамту орталығы түлектерді «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады

28.02.2020

Жастар тәжірибесі, жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы 3 жыл ішіндегі ЖОО мен колледж түлектеріне, бастапқы тәжірибе алу үшін арналған.

Жасы 29 жастан аспауы тиіс. Дипломда алған мамандығы бойынша тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан артық емес.

Еңбекақы мөлшері 85 475 теңге, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын шегергенде 73 484 теңге құрайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)       өтініш;

2)       жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)       еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

4)       техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Мекен-жайы:  Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» ІО

Call center: 57-88-88