Елордалық жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру бағдарламаларын ұсынады

18.04.2020

Егер Сіз лайықты жұмыс таба алмасаңыз, Қоғамдық жұмыстарға, Жастар тәжірибесіне, Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды ұсынамыз.

«Жұмыссыз» мәртебесі бар азаматтар Қоғамдық жұмыстарға, Жастар тәжірибесіне, Әлеуметтік жұмыс орындарына қатыса алады.

 

Қоғамдық жұмыс – жұмыспен қамту Орталығы ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын-ала кәсіптік даярлығын қажет етпейтін жұмыс түрі.

Ұзақтығы – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Еңбек ақы көлемі  73 100 теңгені құрайды.

57-89-35,  8-775-654-07-90 нөмеріне  хабарласыңыздар.

Электронды мекен-жай: nazym_13.06.92@mail.ru

 

Жастар тәжірибесі – ТжКБ және ЖОО бітірген (2018-2020 жж.) түлектер үшін мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.

Жасы 29-дан аспауы тиіс.

Ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Еңбек ақы көлемі 73 484 теңгені құрайды.

72-93-56,  8-775-654-07-90   нөмеріне хабарласыңыздар.

Электронды мекен-жай:proftest.cz@mail.ru

 

Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыспен қамту Орталығымен шарттық негізде жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орны.

Ұзақтығы – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Еңбек ақы мөлшерін жұмыс беруші белгілейді.

72-93-56,  8-775-654-07-90   нөмеріне хабарласыңыздар.

Электронды мекен-жай:proftest.cz@mail.ru