Жұмыспен қамту Орталығының онлайн режиміндегі қызметтері

23.04.2020

ҚҰРМЕТТІ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің қауіпсіздігіңіз үшін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту Орталығы» КММ барлық қызметтері, карантин кезеңінде  eGov.kz порталы, call-орталық, электрондық пошта және ұялы байланыс құрылғылары арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ, азаматтар онлайн-кеңес ала алады, call-орталық нөмірлері біздің сайтта ─ онлайн-кеңес беру бөлімінде жарияланған.

Өзекті жаңалықтар мен бос жұмыс орындарын сіз біздің Орталықтың әлеуметтік желілерінде бақылай аласыз. Сұрақтар туындаған жағдайда бізге хабарласуларыңызды сұраймыз, біз сіздерге әрқашан көмектесуге қуаныштымыз. Дендеріңіз сау болсын.