«Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында нысаналы топ жұмыссыздарға, соның ішінде көп балалы аналарға, алиментшілерге  арналған бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтті

31.01.2020

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында қаланың сауда саласына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтті.

Келушілерге 250-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды, оның ішінде икемді кестелі жұмыс орындар да бар. Жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша 42 адам алдын ала сұхбаттасудан өтті, оның ішінде: 18 адам тұрақты жұмысқа шақырылды.

Шағын-жәрмеңкенің жұмысы барысында алимент бойынша борышы бар азаматтармен де, оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу өткізілді.  Бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу ұсынылды.

Мәліметтер базасында бүгінгі күні 683 жұмыс берушіден 6 398 бос жұмыс орны бар, оның ішінде икемді кестелі  77 орын және 350 орынға арналған ауысымды жұмыстар.