Жаңалықтар

Білім беру мекемелерінің назарына! Кәсіптік оқыту курстарының тізімі белгілі болды.

26.01.2021

📣📣📣ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Нұр-сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы оқу орындарының тізімінде тұрған білім беру ұйымдарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін өтінімдер (белгіленген үлгідегі) қабылдауды жүзеге асырады.Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 21 қаңтардан 03 ақпанға дейін жүргізіледі.

⠀КӘСІПТІК ОҚУЛАР ТІЗІМІ:
1. Графикалық жұмыстар дизайнері (анимация және бейнографика, веб-дизайнер)
2. Краншы машинист
3. Автомеханик
4. Жиһаз дизайнері
5. Жиһаз жинаушы (ағаш)
6. Техник-электрик
7. Тігінші (тігінші оператор)
8. Шаштаразшы
9. Инженер-программист (киберқауіпсіздік саласының маманы)
10. Ағаш ұстасы
11. Сырлаушы-сылақшы
12. Кондитер
13. Әкімгер
14. Сауда агенті (риэлтор)
15. Наубайшы (жалпы бейін)
16. Өнім менеджері
17. Тәрбиешінің көмекшісі
18. Сауда залының кассирі
19. Дәнекерлеуші
20. Сатушы-кассир (консультант сатушы)
21. Тәрбиеші
22. Аспазшы (жалпы бейін)
23. Слесарь-сантехник
24. Автоэлектрик
25. Визажист
26. Маникюр шебері
27. Smm менеджері
28. Тігінші

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік көшесі -25, «Өркен» БО мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласуға болады, байланыс телефондары: 95-44-16, 95-44-24, 8 775 753 4391.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26.01.2021

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеуде жүрген жастарды “Жастар практикасы” бағдарламасына қатысуды ұсынады.

▶️«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу үшін @czn_astana-да «жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет ⠀

⠀👨‍🎓👩‍🎓Жастар тәжірибесі – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.

💥Жасы 29 – дан аспауы керек

📆Жастар тәжірибесінің ұзақтығы: 6 айдан аспайды

💵Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.

☎️ 72-93-56; 57-88-88; 57-89-35; 8 777 116 82 76; 8 7 776 496 621;+7 705 329 7719;

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін құжаттарды қабылдау басталды

26.01.2021

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды тағайындау бойынша құжаттарды қабылдауды бастады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке (2021 жылға арналған сома 583 400 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грант алу үшін үміткер тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, келесі құжаттарды ұсынады:

1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
4) Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын өз қызметін салық органдарында тіркеу немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.
Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша:
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарласыңыз, мекен-жайы Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО, тел.: 95-44-16, 95-44-24, +7 775 753 43 91.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл тақырыбында онлайн – лекция оқылды.

26.01.2021

Лектор-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас маманы Райымбаев Данияр Исраиұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің дәйектілікпен жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстарының тұрақты жүргізіліп жатқанын айтты. Жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін ерекше атап өтті.

Онлай-лекцияға Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты.

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ  БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ  

14.01.2021

Жұмыссыздықпен күресу – ел экономикасының өркендеуіне септігі мол қозғаушы күш. Бұл қашанда ең өзекті тақырып. Осы бағытта  Үкімет басындағылар жұмыссыздықпен  күресудің бар амалын жасап жатыр.  Республика көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»   жүйелі жүргізіліп келеді.  Қазір көпшілік  бұл жобаның   шарапатын  көруде.  Бірі  жұмысқа тұрса, енді бірі жаңа кәсіп үйреніп, жеке бизнесін ашып жатыр. Continue reading “«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ  БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ  “

Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы 561 грант берілді       

11.01.2021

Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеялар үшін 561 грант берілді. Continue reading “Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы 561 грант берілді       “

Кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдіргендер үшін кадрға сұранысы бар жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.

08.01.2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдіргендер үшін  кадрға сұранысы бар жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.

Кәсіптік оқыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында жұмыс берушіге кепілдік хат-Өтінім ресімдеу қажет (кадрларға сұранысын көрсету керек), содан кейін Сіздің ұйымыңыз белгілі бір мамандық бойынша оқығысы және жұмыс істегісі келетін жұмыссыз азаматтармен әңгімелесу үшін шағын жәрмеңкеге шақырылады.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жұмыс берушілердің таңдауын ескере отырып, тегін оқуға жібереді.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін диплом алған маман сіздің ұйымыңызға тұрақты жұмысқа орналасуға келеді.

Сұрақтар бойынша 95-44-16 телефоны арқылы немесе Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО мекенжайына хабарласуыңызға болады.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 мыңнан астам адам жұмыс тапты

25.12.2020

Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайды. Мекемеге жұмыссыздар ғана емес, пробация қызметінде есепте тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар да жүгінеді. Жоғары білімі жоқ тұрғындар талап етілетін мамандықтар бойынша курстан өтеді.

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, жаңа мамандық игергендердің бірі – Айгүл Қасенова. Осы жылы ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «наубайхана» кәсіптік оқыту курстарын бітірді. Қазір ол оқу кезінде өндірістік тәжірибеден өткен «Уашева Дана» ЖК наубайханасында жұмыс істейді.

– Шын жұмыс іздеген адам табады. Оның үстіне қазір сұранысқа ие мамандықты алуға да, бірден жұмыс табуға да мүмкіндіктер көп, – дейді Айгүл Қасенова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді жұмыспен қамту аясын кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен үнемі байланыста. Бос орындар күн сайын жаңартылып отырады. Енді пандемияға байланысты орталықтың қызметтерін қашықтан пайдалануға болады. Осы мақсатта электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс істейді (www.enbek.kz).

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары порталға тіркеліп, бос жұмыс орындарын таңдайды немесе жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау қызметтерін пайдалана алады.

Толық ақпарат пен мамандар кеңесін алу үшін орталықтың жұмыспен қамту бөліміне 8 777 116 82 768 777 116 82 73 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының   қоғамдық  қор жетекшілірінің қатысуымен  «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту»  тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

25.12.2020

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының   қоғамдық  қор жетекшілірінің қатысуымен  «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту»  тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырған  модератор  «Мүгедек Жастар  қоғамы»  Қоғамдық бірлестігінің  жетекшісі  Әбдімомынов Мұрат Өсербайұлы   мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған   жұмыс түрлерінің тізімін  кеңейту  керектігіне баса  тоқталды. Елімізде  мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс табуы. Олар күнделікті тұрмыста да көп кедергіге жолығатындарын айтты.
Дөңгелек үстелге  қатысушылар денсаулығында кінараты бар азаматарды жұмысқа орналастыруда кездесетін қиындықтарды сөз етіп,  оны  оңалту  тәсілдерін ұсынды.    Мүгедектігі бар азаматтың  интеллектуалдық және физикалық мүмкіндігіне қарай  тағы қандай   жұмыс түрлерін қарастыруға болады  деген сан-сауалды  талқылады.
Онлайн жиынға  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының  директор орынбасары  Карымбаева Мадина Арманқызы мен бқлім жетекшілері  қатысты. Жиын барысында  Мадина Арманқызы   орталықтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруда  көрсетілетін  қолдау туралы айтты.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

24.12.2020

Бүгін  Халықты жұмыспен қамту орталығы  елорданың еңбек нарығында    жұмыссыздықпен күресу мәселесінде қолдау көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілерін  марапаттады.

 Жылдың   соңғы айы дәстүр бойынша  жыл бойы атқарылған жұмыстарға  көз жүгіртіп, жүзеге асқан жобаларды тағы бір саралап әр істі  қортындылайтын уақыт.  Әрбір мекеме, кәсіпорын  үшін   мұндай шаралар алдағы жұмысты  бірлесе жоспарлау үшін аса маңызды.   

Өткенге көз салсақ,  жыл басында Covid-19 инфекциясының таралуы талай істі дағдартқаны белгілі.

Әлем әбігерге түскен індет кезінде  жұмыссыздықпен күресу мәселесі ең өзекті тақырыпқа айналды. Ұл саулығы сынға түскен кезде  Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы бір сәт те тоқтаған жоқ. Әлеуметтің әлеуетін  аз да болса оңалту үшін жұмыстар  тынымсыз істеліп жатты. Жыл басынан бері жұмыспен өқамту орталығы арқылы 19 130 адам жұмыс тапты.

«Бұл тұрғыда құрметті жұмыс берушілер өздеріңіздің еңбектеріңіз орасан»-деп атап өтті,  Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек    Қабжанов.  «Індет кезінде жұмыссыз қалған азаматтар мен  жұмыс іздеушілерді нәтижелі жұмыспен қамтуда, жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынуда демеу болдыңыздар. Мемлекеттік «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асырушы ғана емес, сенімді серіктес бола білдіңіздер. Алдағы уақытта та арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастықта жұмыс істей берейік», деді Орталық директоры Бақытбек  Әділбекұлы.

Жиын  барысында    жұмысберушілерге  Алғыс хат пен  естелікке сыйлықтар табыс етілді.  

 Елорда еңбек нарығындағы көшбасшы жұмысберушілер қатарында:  «Астана-Көгалдандыру Құрылысы» ЖШС

 «Астаналық цирк» МКҚК, «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК 

 «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№1,3 Автобус паркі» АҚ,      «Астана-ЕРЦ» ЖШС секілді  тағы басқа 20-жуық мекеме, кәсіпорын бар.