Жаңалықтар

Жастар практикасы – 2021

18.02.2021

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы жас мамандарды “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына шақырады!
Жарты жылдық тәжірибе барысында Сіз баға жетпес тәжірибе жинап, біліктілігіңізді арттырып және армандаған жұмысыңызға орналасу мүмкіндігіне ие боласыз.

Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы -29 –дан аспауы керек.
Жұмыс істеу мерзімі 6-айдан аспайды.
Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.

Келесі нөмірлер бойынша жұмыспен қамту Орталығынан “Жастар тәжірибесі” туралы көбірек біліңіз: +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12, +717 257 89

Азаматтарды қабылдау кестесі

17.02.2021

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға  «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ  басшыларының азаматтарды қабылдау кестесін ұсынамыз.

Байтасов А. Е.                                      күнделікті 15:00 – 17:00;

Директордың м.а.

Карымбаева М. А.                               күнделікті 09:00 – 13:00;

Директордың орынбасары

Нурмагамбетова А. А.                        күнделікті 15:00 – 18:00;

Директордың орынбасары

Косыбаева А. М.                                  күнделікті 9:00 – 15:00.

Директордың кеңесшісі

Хабарландыру

15.02.2021

2021 жылғы 16 ақпанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын  ұйымдастыратын  білім беру мекемелерінің  тізімін   бекіту және   оқу орындарына   мамандықтарды  бөлу  туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтеді.

 

Жастар тәжірибесі оң мысал

15.02.2021

Біздің келесі кейіпкеріміз Шырын Мақсатқызы. 2021 жылғы қаңтар айынан бастап “Жастар практикасы” бойынша жұмыс істеп жүр. Жас маман астанадағы Жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесіне жүгініп жұмыс тапқанына дән риза.😊

Егер сіз де жұмыс іздеп жүрген жастардың қатарында болсаңыз, Халықты жұмыспен қамту орталығы “Жастар практикасы” бағдарламасына қатысуға шақырады.

▶️«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу үшін @czn_astana-да «жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет ⠀

👨‍🎓👩‍🎓Жастар тәжірибесі – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.

💥Жасы 29 – дан аспауы керек

📆Жастар тәжірибесінің ұзақтығы: 6 айдан аспайды

💵Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге

☎️ +7 705 329 7719; 8 777 116 82 73; 57-89-12;

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың оң нәтижесі

15.02.2021

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеуге ниетті әрбір азаматының өз мүмкіндігі мен қалауына сай келетін жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Орталыққа қоғамның осал тобына жататын азаматтар мен мүгедектігі бар жандар  келеді.

Қалауова  Әсел Жодыбекқызы 3 топ мүгедектігі бар жанның біпі. Ол  қай кезде де белсенді өмірге құштар.2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді. Орталық мамандары Әселдің мүмкіндігіне орай жұмысқа орналасу бос жұмыс орындарын  ұсынды. Қоғамдық жұмыстар бойынша 2 ақпан күні “Астана-ЕРЦ”ЖШС жұмысқа шықты.

Егер сіз де жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, астанадағы Жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардан кеңес алыңыз. Орталықтың қоғамның осал топ мүшелерімен жұмыс істеу бөлімінің байланыс тел: 8 705 318 97 92;72-93-41.

Пробация қызметіндегі азаматтарды қайта әлеуметтік қамсыздандырудың алдын алу шаралары тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

12.02.2021

11 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бастығының м.а. полиция полковнигі Б. А. Малыбаевтың төрағалығымен «Жергілікті полиция қызметі басқармасының, Пробация қызметінің және Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қылмысты қайталаудың және жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтендірудің алдын алудағы өзара іс-әрекеттері туралы» мәселені қарау бойынша дөңгелек үстел өтті. Проблемалық мәселелер бойынша ПД ЖПҚБ бөлімінің бастығы Садыков А. С., ҚАЖД пробация қызметінің бастығы Сералиев Ж. С., Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Карымбаева М. А. сөз сөйледі. Жиын барысында қаланың мүдделі мекемелері мен кәсіпорындарын барынша тарта отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарының мақсатты онлайн-жәрмеңкелерін өткізуді жандандыру туралы ұсыныстар айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!

09.02.2021

 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты  -«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы  арқылы еңбек нарығын дамыту» жобасы аясында  09-12 ақпан күндері Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл   ауданына ерікті  қоныс аудару бойынша өтінімдер қабылдайды!!! Continue reading “Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!”

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАСТАЛДЫ

04.02.2021

Білім алдың, әңгімелесуге бардың, бірақ барлық жерде жұмыс тәжірибесі қажет пе?Олай болса, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына қосылыңыз.
Жарты жылдық тәжірибе барысында Сіз баға жетпес тәжірибе ғана емес, біліктілікті арттыру және армандаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік аласыз.
Бүгін Жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасқан Ақерке Бауыржан туралы айтайық. Ақерке «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру колледжінің түлегі. Заңгер мамандығы бойынша 2019 жылдың маусым айында қолына диплом алған. Жас маман алдымен дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Өйткені өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Ал қазір, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментіне жұмысқа орналасты.
Қалай дейсіз бе? Ақерке 2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, Жастар практикасы бағдарламасына қатысуға болатынын түсінді. Орталық мамандары бір апта ішінде жас маманды жұмысқа орналасуға жіберді.
Яғни, жұмыспен қамту орталығын келді, кеңес алды, сұхбаттасуға жіберілді, жұмысқа орналасты.
Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы -29 –дан аспауы керек.Жұмыс істеу мерзімі 6-ай.
Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.
Телефоны:57-88-88; 7 776 496 6213; 7 705 329 7719 көрсетілген номерлер толық ақпарат алу үшін.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтары : пробацияда тұрған, жетім балалар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Бұл мәселе бойынша кеңес алу үшін -7 775 902 73 53;7 705 318 9792; 72- 93- 41; 95-44-23 телефон номерлеріне хабарласып білуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» Іскерлік орталығы.
⠀@czn_astana#cznastana