Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарды «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға шақырады.

Қоғамдық жұмыстар – бұл халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі;

– қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды;

– қоғамдық жұмыстарға жолданған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді жұмыспен қамту орталығы ай сайын жүргізіп отырады.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыспен қамтуға ықпал етеді және жұмыссыз азаматтарды қосымша табыспен қамтамасыз етеді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына нысан бойынша өтініш және келесі құжаттарды ұсынады: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда).

Қоғамдық жұмыстарға қатысу мәселелері бойынша +7 717 257-89-35, 8-775-654-07-90 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады. Электрондық пошта: nazym_13.06.92@mail.ru.