Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

27.10.2020

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген жұмыскердің орнына, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыруға бағытталған қызмет.

Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді Жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтына орналастырылған.

Өтінім беру 2020 жылғы 1 қарашаға дейін “Documentolog” ЭҚЖ (egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы).

Сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-89-35, 57-88-86, +77053297719.

 

Келісім-шарт буындары