Тігіншілер емтиханы

19.11.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021″ жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы” аясында  бүгін, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу ” мамандығы бойынша емтихан өтті.

Сынаққа  қатысушылардың  алдымен  теориялық  білімі тексерілді.  Үш айлық  курста  оқып,  тәжірибеден талай өнер  үйренген  жас  мамандар  өздері тіккен киім үлгісін ұсынды.  Бітірушілерден  сынақ қабылдаған комиссия мүшелері  мен жұмыс берушілер  болды.
Биыл  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты  жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған кәсіптік оқулар  курсы бойынша  20 портной мен 30 – тігінші  оқып шықты.

Биылғы жылға кәсіптік оқыту бойынша  курстарға қабылдау  аяқталды.
Осы бойынша толық мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73  номеріне хабарласып білуге болады.