Жұмыс берушілермен ZOOM платформасында дөңгелек үстел  өтті

10.12.2020

Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығы елордалық жұмыс берушілердің  қатысуымен  ZOOM платформасында дөңгелек үстел  өткізді. Оған 78 жұмысберуші қатысты.  Онлай форматтағы  жиынды жүргізген орталықтың   жұмыс берушілермен өзара байланыс жасау бөлім жетекшісі  Бақыт Ракишева  қатысушыларды  ҚР «Еңбек» туралы заңда  көрсетілген  талаптарды  орындауға шақырды.

Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге  нәтижелі асыру үшін  www enbek.kz  электрондық порталы жұмыс істейді. Жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіні өзара байланыстыратын қызметтің бұл түрі  азаматтар үшін  қолжетімді әрі тиімді болуы тиіс.  Сондықтан,  әрбір жұмыс беруші   тұрақты түрде   бос орындар туралы ақпаратты   «Электронды еңбек биржасына» жариялап  отыру керек.   Көрсетілген вакансиялар бойынша хабарласқандарды  қараусыз қалдырмай, жұмысқа орналасуына барынша қолдау  көрсету керек.

Сонымен бірге  азаматтардың жекелеген санаттары, атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі жандар (мүгедектерді), пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар мен білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе айырылған 23 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыру үшін берілетін квоталық жұмыс орындарын ұсыну талаптарын сақтауды  да естен шығармау керектігі айтылды.

Жиын барысында, осы жылдың  18 қыркүйек айында жаңадан енгізілген электрондық форматтағы   «Еңбек шарты» және оны     жүзеге асыруда туындаған қиындықтар  туралы  жұмыс берушілер тарапынан сұрақтар қойылды.

Дөңгелек үстелге қатысқан  Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының  заңнамамен түсіндіру және заңды орындау бойынша маманы және  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері  осы тақырыпты кең көлемде талқылап, түсіндіру жұмысын жүргізді.