ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ.  

03.11.2020

2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын  Ұлттық Банк пен Үкімет  бірлесе жүзеге асырады.  Келесі жылға арналған  жол картасы  1 желтоқсанға  дейін әзірленуі тиіс.

Бағдарламаның  бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында кеткен кемшіліктердің орнын толтыру үшін  жобаны жүзеге асыру  мерзімін  ұзарту қажет. Ұлттық банк пен Ел Үкіметінің пікірі осыған саяды. Бұл туралы   «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер  палатасының  VII съезінде айтылды.

Негізі мәселе,  аудандарға  бөлінген қаражатты  жұмсауда  кемшіліктердің  орын алуы.  Тікелей айтқанда ақшаны жерге шашпай,   келісімшарттарды өз компаниясын тартқан жағдайлардың қайталануына жол берілмеу керек. Қаржының бір бөлігін микрокредиттеуге бағыттаған дұрыс. Осы бойынша нақты ұсыныстарды 1 желтоқсанға дейін енгізу қажет, деп  тапсырды Президент.

Үкімет басшысы Асқар Мамин  2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын  жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан  іс-шаралар туралы айтты. Республика көлемінде   6 600 әлеуметтік, коммуналдық, транспорттық  инфрақұрылым нысандары  салынып жатыр. Бағдарлама аяқталғанға дейін 100 мың жұмыс орны  құрылады деп жоспарланған.Жол картасы аясында тауар өндіру, қызмет көрсету сияқты  отандық кәсіпкерлердің  өнімдерін тұтыну бойынша көрсеткіш 90 % жуықтаған. 19 мыңға жуық  кәсіпкерлік нысан 488 млрд. астам  тапсырыс қабылдапты. 114 мың бос жұмыс орны сақталды, деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,Қызылорда облыстары мен  Нұр – Сұлтан және Шымкент қалалары жақсы нәтижеге қол жеткізгенін ерекше атап өтті.