Жол картасы бойынша жүзеге асқан жобалар

07.12.2020

Нұр – Сұлтан қаласы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Биыл астанада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру жоспарланған еді.Қазіргі таңда 67 жоба бойынша жұмыстар аяқталды.

Жол картасы аясында елордада – мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер,жолдар мен көлік-инженерлік инфрақұрылымдар жөнделді. Биыл денсаулық сақтау мекемесінің бір аурухана мен екі емханасы күрделі жөндеуден өтті. Ал, білім беру саласында 10 бала-бақша, 10 мектеп пен  5білім беру ұйымына жөндеу жүргізіліп, жаңарып қалды.

Жол картасы бойынша ағымдағы жөндеуден өткен білім беру мекемесінің бірі – № 49 орта мектеп. 1300 бала арналған білім ошағы 2005 жылы пайдалануға берілген. Содан бері оқу ордасына ішкі әрлеу, жылу жүйесін жөндеу, суық су жүйесін жабдықтау, электр тораптарын жаңарту қажеттілігі туындаған болатын. Жол картасы бағдарламасы аясында  мектеп заманауи талапқа  сай жаңартылып, инженерлік жүйелер қайта қалпына келтірілді.Жаңа оқу жылында кезекші сыныта оқитын оқушылар жаңа, жарық сыныптарда оқуды бастады. «Индустрой-2» ЖШС тарапына жүзеге асырылған  жөндеу жұмыстарында 98 адам жұмыс істеді. Оның ішінде  47 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында қазір Нұр-Сұлтан қаласында 15 796 адам жұмыс істеп жатыр.Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 077 адам жұмыс тапса, мердігерлерлер арқылы жұмысқа орналасқандар 7 719.

Осы жобаларды жүзеге асырған мердігер мекемелерде 1 469 адам  тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалақысы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты 85 000 теңгеден 250 000 теңгені құрайды.

Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz порталында жарияланады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша мәлімет алу үшін 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.