Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
8 наурыз құттықтау!

Бүгін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің  Халықты  жұмыспен қамту орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  мерекелік құттықтау шарасы өтті.  Әлеуметтік сала қызметкерлерін  «Мемлекеттік, банктік мекемелер және мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің өндірістік кәсіби одағы» БҰ Жақыпов Мирболат Хабиұлы  мен Нұрланов Атақозы Келденұлы арнайы құттықтай келді.   Әдемілік пен нәзіктіктің белгісі  болған  8 наурыз  мерекесі –ер азаматтардың назарынан тыс  қалған емес. Отбасының  ұйытқысы  болған  нәзікжандылар бүгінде қоғам өміріне де белсене араласатын  белсенді мүшесі,деп құттықтау сөз сөйлеген  Мирболат Халиұлы,   орталықтың  үздік қызметкерлерін   Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай- ақ Жұмыспен қамту орталының директор кеңесшісі, Кәсіподақ төрайымы Алтынай Қосыбаеваға «Кәсіподақ үздігі» төс белгісін тақты.

Орталық  директоры  Азамат Байтасов   нәзікжанды әріптестеріне  «қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге  ерекше мән беріп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген еңбектеріңіз  жүректерге сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әлеуметтің әлеуетін жақсарту жолындағы  еңбектеріңіз елене берсін.  Сіздерге айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешқашан толастамасын», деген ізгі тілек айтты.   Еңбекте ерекше көзге түскен  мамандарға  «Нұр-Отан» париясы мен Нұр-Сұлтан  қаласының  әкімі Алтай Көлгінов атынан  жазылған Құттықтау хаттарды табыстады.

 

Жарияланған күні: 2021-8-03 сағат 12:47
Сілтеме https://cz.astana.kz/8-nauryz-tty-tau/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: