Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Күнделікті қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырамыз!

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту жөніндегі ведомствааралық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) бекітілген 2021 жылға сұранысқа ие мамандықтар бойынша күнделікті қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдау жүргізеді.
2021 жылғы 5 наурызда Комиссия келесі мамандықтар:аспаз, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, кондитер, тігінші, электрик, шаштараз, SMM менеджері, бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 65 талапкерді мақұлдады.
Бүгінгі таңда талапкерлерді қабылдау келесі мамандықтар бойынша жалғасуда: тігінші, аспаз, наубайшы, кассир-бақылаушы, тігінші, сантехник, кран операторы. Оқу мерзімі – 3 ай. Оқу барысында 21 787 теңге көлемінде стипендия беріледі, сонымен қатар №086 медициналық анықтамадан өту үшін 2 АЕК төленеді.
Барлық сұрақтар бойынша – 57-89-78, 8 775 753 43 91 байланыс телефондарына хабарласуға болады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен жайы: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» Іскерлік орталығы.

Жарияланған күні: 2021-12-03 сағат 0:20
Сілтеме https://cz.astana.kz/k-ndelikti-ys-a-merzimdi-k-siptik-o-u-a-sha-yramyz/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: